Әлихан Смайылов қазіргі геосаяси ахуал кезінде сыртқы саяси ведомство жұмысының маңызы артқанын атап өтті. Дипломатиялық шешімдер арқылы ҚР СІМ жақын және алыс шет елдермен өзара тиімді қарым-қатынастарды нығайтуға және ұлттық экономиканы дамытуға елеулі үлес қосып отыр.
"СІМ жұмысының нәтижесі бәрімізге тікелей әсер етеді. Президент ведомство алдына маңызды мақсаттар қойды, ұжымға оларға қол жеткізуде табыс тілеймін", — деді Үкімет басшысы.
Премьер-Министр жауапты басшылық лауазымдарда мол тәжірибесі бар Мұрат Нұртілеу Мемлекет басшысы қойған міндеттердің орындалуын қамтамасыз ететініне сенім білдірді.