Әлихан Смайылов тауарлардың көлемі мен бағасын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды

546

Сатып алынатын және сатылатын тауарлардың көлемі мен бағасын ерекше бақылауда ұстап керек. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz. 

Әлихан Смайылов тауарлардың көлемі мен бағасын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды

"Біріншіден, Сауда министрлігі сатып алынатын және сатылатын тауарлардың көлемі мен бағасын ерекше бақылауда ұстасын. Екіншіден, өңір әкімдіктері нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге арналған тауарларды тек қана кассалық аппараттарды қолданатын сауда объектілерінде сатуды іске асыруы тиіс. Өңір әкімдіктерібарлық аудандарды қамти отырып, жәрмеңкелерді өткізуді тұрақты түрде жалғастыруы керек", - деді ол.

Оның сөзінше, Ауыл шаруашылығы министрлігі үлгілік қағидалармен қабылданған жаңа тәсілдерді іске асыруды сапалы түрде әкімшілендіруді қамтамасыз етуі тиіс.

"Сондай-ақ, форвардтық сатып алу шартының бірыңғай форматын әзірлеу керек. Онда баға белгілеу, тауар көлемі, қарсы міндеттемелер мен айыппұл санкцияларының міндетті шарттары көрсетілуі керек", - деп атап өтті Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу