Әлихан Смайылов тұрғын үй бағасын реттеуді тапсырды

Жауапты органдар жылжымайтын мүлік нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін тиісті шаралар қабылдауы қажет. 

Әлихан Смайылов тұрғын үй бағасын  реттеуді тапсырды

Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов көші-қон мәселелеріне қатысты қоғамда түсініспеушілік орын алғанын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

 "Осыған орай, шетел азаматтарына заң аясында қызмет көрсетілетінін баса айтамын. Біз халықаралық міндеттемелерді орындай отырып, еліміздің, халқымыздың мүддесінен жоғары құндылық жоқ екенін әрқашан есте сақтаймыз. Кеше Үкімет отырысында талқыланған маңызды мәселелердің бірі – осы құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік", – деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ Үкімет басшысы жалға берілетін тұрғын үй бағасының өсуіне байланысты азаматтарымыз қиын жағдайларға тап болғанын да атап өтті.

 "Жауапты органдар тұрғын үй нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін тиісті шаралар қабылдауы қажет.  Біз үшін бірінші кезекте қазақстандықтардың мүддесі, оларды жұмыспен қамтамасыз ету маңызды.  Мұны барлық кәсіпорындар мен ұйымдар ескеруі керек. Көрші елдерден келген мигранттар бізбен тек бекітілген заңнама аясында ғана жұмыс істей алады. Бұл жағдай бақылауда", – деді Смайылов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу