Әлихан Смайылов: Үкімет экономиканы цифрлық трансформациялау жұмыстарын жалғастырады

487

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді.

Әлихан Смайылов: Үкімет экономиканы цифрлық трансформациялау жұмыстарын жалғастырады

Премьер-Министр бүгінде елімізде қазақстандық және шетелдік инвесторларға преференциялар алу үшін тең жағдайлар жасалғанын атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оған қоса, іскерлік ахуалды одан әрі жақсарту үшін Үкімет 2026 жылға дейінгі инвестициялық саясаттың жаңа тұжырымдамасын қабылдады, ол қосылған құны жоғары тауарлар өндірісінің артуын ынталандырады.

Сонымен қатар Үкімет басшысы фискалдық реттеуді қайта қарау, мемлекеттік қаржыны басқарудың тиімділігін арттыру, экономиканы декарбонизациялау және цифрлық трансформациялау жұмыстары жалғасатынын айтты.

Отырысқа қатысушылар Кеңестің бірлескен тұрақты жұмыс топтарының қызметі туралы есеппен танысты.

Атап айтқанда, инвестициялық саясатты, энергетиканы, экологияны және мұнай-газ саласын іске асыру, цифрландыру, еңбек заңнамасы, адами капиталды дамыту және шетелден жұмыс күшін тарту мәселелері талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу