Әлихан Смайылов: "Үкімет сайлаудан соң отставкаға кетеді"

795

Үкімет басшысы сайлауда өз таңдауын жасағаннан соң, үкіметтің отставкаға кетуіне қатысты пікір білдірді.  

Әлихан Смайылов: "Үкімет сайлаудан соң отставкаға кетеді" Фото: primeminister.kz

"Былтыр өте қиын жағдайды бастан өткердік. Оған қарамастан экономиканың 3,2 пайызға өсуін қамтамасыз еттік. Екі халықаралық агенттік біздің тәуелсіз инвестициялық рейтингімізді растап, болжамын да жақсартқан болатын. Өткен жылы қиын жағдайларға қарамастан, ел экономикасы тұрақты дами алды деп ойлаймын.

Үкімет жаңадан сайланған Мәжілістің алдында өз өкілеттігін доғарады. Біз отставкаға кетеміз. Жаңа үкімет құрылғанға дейін өз міндеттерімізді орындайтын боламыз. Жаңа Премьер-Министр кім болатынын Президент пен Мәжіліс шешеді. Біз кез келген жағдайға дайын боламыз. Әрқашан мемлекет игілігі үшін жұмыс істеуге дайынбыз", - деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Айта кету керек, Үкімет басшысы Астанадағы Ұлттық кітапхананың ғимаратында орналасқан №111 сайлау учаскесінде дауыс берген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу