Әлихан Смайылов жалпы ауданы 400 гектар болатын қара өрік бақтарының біріне барды

391

Бүгінгі таңда бау-бақша нысанының қуаты гектарына 20-30 тонна өнімді құрайды. 

Әлихан Смайылов жалпы ауданы 400 гектар болатын қара өрік бақтарының біріне барды Фото: primeminister.kz

Мұнда заманауи технологияларға сәйкес бірнеше жыл бойына өнім беретін сорттар отырғызылды.

Маусымдық кезеңде кәсіпорында 120 адам еңбек етеді, 50-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Премьер-Министр республиканың ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру аясында Үкімет осындай жобаларға қолдау көрсетуді, оның ішінде ауыл халқының табысын ұлғайтуға бағытталған "Ауыл аманаты" жобасы шеңберінде де қолдау шараларын жалғастыратынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу