Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы қызметіне тағайындалды

4120

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. 

Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы қызметіне тағайындалды Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Әлихан Смайылов 1972 жылы дүниеге келген.

1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін "қолданбалы математика" мамандығы бойынша тәмамдаған. 1996 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды.

1993–1999 жылдары — "А-Инвест" инвестициялық–жекешелендіру қорының бас маманы; бөлім басшысының орынбасары, ҚР Ұлттық статистика агенттігінің басқарма басшысы; ҚР Статистикалық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары; бас сарапшы, экономика секторының меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарған.

1999–2003 жж. — ҚР Статистика агенттігінің төрағасы.

2003–2006 жж. — ҚР сыртқы істер вице-министрі, "Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы" АҚ басқарма төрағасы.

2006–2009 жж. — ҚР қаржы вице-министрі, "ҚазАгро" ҰХ президенті.

2009–2014 жж. — ҚР Статистика агенттігінің төрағасы.

2014–2015 жж. — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің төрағасы.

2015 жылдың желтоқсанында Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

2018 жылдың 18 қыркүйегі – 2019 жылдың 25 ақпаны – Қазақстан Республикасы қаржы министрі.

2019 жылдың 25 ақпанынан – Премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі.

2020 жылдың 18 мамырынан бастап – Қазақстан Респбуликасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары.

2022 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндеттері уақытша жүктелді.

2022 жылғы 11 қаңтарда Мәжіліс депутаттары Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-Министрі қызметіне тағайындауға дауыс берді.

2023 жылғы 30 наурызда ҚР Премьер-Министрі қызметіне қайта тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу