Үкімет басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Әлихан Смайылов бірінші 94 мың тұрғыны бар 50 елді мекенді қосатын "Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы" автожолының учаскесіне барды. Жол Қарашығанақ кен орнына дейін жетеді және Ресей Федерациясына транзиттік дәліз болып отыр. Қазіргі уақытта трассаның жағдайы қанағаттанарлықсыз, аталған трассадан тәулік сайын Қазақстан мен басқа да елдердің ондаған мың азаматы өтеді.
Сондай-ақ Орал қаласында ҚР Премьер-Министрі үш ауысыммен оқытуды жою шаралары аясында іске қосылған 300 оқушыға арналған №18 мектеп-бөбекжай-балабақша кешеніне барды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу