Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Қытайға барды

787

ҚХР Мемлекеттік Кеңесі премьерінің орынбасары Хань Чжэнмен кездесу барысында Әлихан Смайылов екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.

Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Қытайға барды

2019 жылғы 19-20 наурызда Қытай тарапының шақыруымен ҚХР-ға жұмыс сапары барысында ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары – ҚР қаржы министрі Әлихан Смайылов ҚХР Мемлекеттік Кеңесі премьерінің орынбасары Хань Чжэнмен кездесулер өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Әлихан Смайылов пен Хань Чжэн экспортқа бағытталған өнімді шығару бойынша бірлескен өндірісті ашу жөнінде ынтымақтастықты одан әрі жүргізу мүмкіндігі туралы ортақ пікірге келді. Жоғары өңделген деңгейдегі жобаларды табысты іске асыру үшін Қазақстан – Қытай өндіріс қуаттарының ынтамақтастығы қорының әлеуетін іске қосу туралы уағдаласты.

Тараптар ҚХР қаржы институттарының "Астана" халықаралық қаржы орталығымен стратегиялық ынтымақтастығын орнату мүмкіндігін талқылады, сондай-ақ тараптардың өзара табысты іс-қимылға мүдделілігіне ерекше назар аударылды. Нақты сандармен дәлелденген ҚР мен ҚХР арасындағы көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамытудың жоғары қарқынын атап өтті. Мәселен, қазақстандық шекарадағы ("Достық – Алашанькоу" және "Алтынкөл – Қорғас") теміржол өткелдері "Қытай — ЕО — Қытай" бағыты бойынша контейнерлік теміржол тасымалдарының 56%-ын қамтамасыз етеді. "Қорғас – Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағы, "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы жобалары сәтті іске асырылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу