Әлихан Смайылов жыл басынан бері халықтың жалақысы өскеніне сендіреді

497

"2022 жылдың басынан бастап ең төменгі жалақы деңгейі 60 мың теңгеге дейін көтерілді. Бұл 1,7 млн жалдамалы қызметкердің табысына оң әсерін тигізді", – дейді Премьер-Министр Әлихан Смайылов. 

Әлихан Смайылов жыл басынан бері халықтың жалақысы өскеніне сендіреді

Бұл туралы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалығымен өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Халықтың табысын арттыру бағдарламасы бекітілді және жүзеге асырылуда", – дейді Смайылов.

Оның келтірген мәліметтеріне қарағанда, 2022 жылы әлеуметтік төлемдер екі рет индекстелді. Бұл 4,1 млн адамға қатысты, оның 2,2 млн-ы зейнеткерлер. 1,2 млн азаматтық қызметшінің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру жүргізілуде.

Білім беру мен әлеуметтік салада жалақының өсуі биыл 25%-ды, Денсаулық сақтау саласында 20%-дан 30%-ға дейін құрады. Жеке және квазимемлекеттік секторлардың 1,5 млн қызметкерінің жалақысын арттыру бойынша жұмыс жүргізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу