Әлихан Смайыловты Тбилисиде қарсы алу рәсімі өтті

478

Бұл туралы  inbusiness.kz ҚР Үкіметінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлихан Смайыловты Тбилисиде қарсы алу рәсімі өтті Фото: primeminister.kz

Тбилисиде Грузияға ресми сапармен келген ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловты қарсы алу рәсімі өтті.

Әскери оркестр салтанатты жағдайда екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады.

Мұнан соң Әлихан Смайылов пен Грузия Премьер-Министрі Ираклий Гарибашвили қарауыл бастығының ере жүруімен Құрмет қарауылы сапын аралап шығып, бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу