Әлихан Смайыловтың төрағалығымен "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті

358

Отырыста 2023-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары, Корпоративтік басқару кодексінің жобасы, сондай-ақ Директорлар кеңесіне есеп беретін қызметтердің кейбір мәселелері қаралды. 

Әлихан Смайыловтың төрағалығымен "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті Фото: primeminister.kz

Осы жылы "KAZAKH INVEST" қолдауымен жалпы сомасы 4,1 млрд-қа шетелдіктердің қатысумен 45 жоба пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Инвесторларды сервистік қолдау шеңберінде Ұлттық компания 1952 өтініш өңдеп, инвесторлардың қызметіне қатысты визалық мәселелер, инвестициялық преференциялар және заңнама бойынша консультациялар берген.

Осы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша шетелдік компаниялар үшін Қазақстан өңірлеріне 212 іс-сапар ұйымдастырылды, олардың шеңберінде салалық министрліктермен, әкімдіктермен, квазимемлекеттік сектормен, қаржылық даму институттармен, сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлермен кездесулер өткізілді.

Сонымен қатар 13 ірі инвестициялық іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу