Алик Шпекбаев Австрия елшісіне медаль тақты

693

Австрия Республикасының еліміздегі елшісі Герхард Сайлердің Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы аяқталды.   

Алик Шпекбаев Австрия елшісіне медаль тақты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алаңында Төраға Алик Шпекбаев Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Австрия Республикасының елшісі Герхард Сайлермен кездесті.

Әңгіме барысында агенттік басшысы ведомствоның жүргізіп отырған жұмысы мен оның негізгі нәтижелері, сондай-ақ Мемлекет басшысының биылғы жылдың 19 тамызында берілген тапсырмалары аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалар туралы айтып берді.

Елші Сайлер Агенттік төрағасына нәтижелі екіжақты ынтымақтастық үшін алғысын білдірді. Атап айтқанда, ол бизнес-жобалар мен инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау желісі бойынша ведомство қызметінің ерекше маңыздылығын атап өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қазіргі заманғы құрылымы ең үздік шетелдік модельдер негізінде құрылғандығы да атап өтілді. Атап айтқанда, үлгі ретінде Австрияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы федералды бюросының (BAK) құрылымы қабылданды, оның қызметі алдын алу, ағарту, серіктестік, ынтымақтастық және қылмыстық-құқықтық шаралар бағыттары бойынша құрылған.

Сонымен қатар, ол 2018 жылғы қарашада Қазақстанның қаржылық қолдауымен Орталық Азия елдері мен Ауғанстанның жемқорлыққа қарсы органдары үшін халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академия (МАКА, Лаксенбург қ., Австрия) базасында тренинг өткізілгенін атап өтті.

2019 жылғы 2-4 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында МАКА тараптары Ассамблеясының 8-отырысын өткізу екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге қосымша серпін берді, оған 50 ел мен халықаралық ұйымдардан 130-дан астам шетелдік делегат қатысты.

Алик Шпекбаев Сайлер мырзаның Агенттіктің Нұр-сұлтан қаласындағы және БҰҰ алаңдарындағы бірқатар халықаралық іс-шараларына австриялық әріптестерін белсенді қатыстырудағы рөліне ден қойды.

Кездесу соңында төраға дипломатты сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіруге қосқан үлесі үшін ведомстволық медальмен марапаттап, жоғарыда аталған бастамалар және австриялық уәкілетті органдармен тығыз ынтымақтастық арқылы Агенттікті дамытуға қолдау көрсеткенін ерекше айтып өтті.

Тараптар екі елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволары арасында одан әрі үздік тәжірибемен алмасу мен бөлісуге дайын екендіктерін білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу