Алимент бойынша 1,5 миллион қарызы бар азамат сотталды

955

 Алимент бойынша 1,5 миллион қарызы бар азамат сотталды

Павлодар облысының кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұзақ уақыттың ішінде алғаш рет алимент төлеуден жалтарған азаматты бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық соттың баспасөз хатшысы Айгерім Сүлейменованың айтуынша, алимент бойынша жиналып қалған қарыз 1,5 млн теңгені құрайды. Сонымен қатар ер адам бұған дейін аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотты болған және тиісті мерзімнің жартысын өтеп, жақсы тәртібі үшін бостандыққа шыққан. Ол баласына көмектесуге мүмкіндігі бола тұра, өзінің тапқан табысын букмекерлік кеңсеге жұмсап отырған.

"Сот үкімімен ер адам қылмыс жасағаны үшін ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 2 жыл төрт айға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды", - деді Айгерім Сүлейменова. Берешегі бар әке сот залында қамауға алынды. Сот үкімі заңды күшіне толық енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу