Ал, былтыр бұл сома 20,7 миллиард теңге болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамовтың айтуынша, 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, алимент өндіріп алу жөніндегі 8 мыңнан астам сот шешімі мүлде орындалмаған. Осынау өзекті әлеуметтік мәселені шешуге жұмсалған барлық күш-жігер нәтиже бермей отыр. "Алимент төлеттірудің отыз қадамы" бағдарламасы тиімсіз боп шыққан, Республикалық сот орындаушылар палатасы қабылдаған шаралар нәтижесіз. "Қазақстан халық партиясы" бұл мәселені алғаш рет алтыншы шақырылымда да көтерген екен. Сол кездегі сома екі-ақ миллиард болыпты.
"Бүгінгі таңда берешек көлемі 20 796 615 823 теңге боп отыр. Бұл цифрлар елімізде қаншама бала мұқтаждықпен күн кешіп отырғанын көрсетсе керек. Ендеше, нақты шаралар қабылдайтын кез келді. Ол үшін бірінші кезекте алимент өндіріп алу кезінде оның сомасы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болмауы тиіс. Екіншіден, "Мемлекеттік алимент қоры" құрылсын. Ол бюджеттен тыс түсімдерден құралып, негізгі мақсаты – 3 айдан артық алимент алмаған балаларға осы қордан алимент төленсін. Ал ол ақша мемлекетке борышкерлерден өндіріп алынсын. Жаңа үкімет бұл мәселеге түсіністікпен қарап, пәрменді шаралар қабылдайды деп үміттенемін", - деді Магеррам Магеррамов Премьер-Министр Олжас Бектеновтың атына жолдаған депутаттық сауалында.