Алимент төлей алмай жүргендер үшін жәрмеңке ұйымдастырылады

837

Шарада 30-дан астам кәсіпорын жұмыс ұсынады.

Алимент төлей алмай жүргендер үшін жәрмеңке ұйымдастырылады

Жұмысы жоқтықтан алимент төлей алмай жүргендер үшін елордада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.

Жәрмеңке 3 маусымда, сағат 10.00-де "Жастар" сарайында ұйымдастырылады.

Шараға 30-дан астам елорда кәсіпорындары атсалыспақ.

Жәрмеңкеге алимент бойынша борышкерлер, сондай-ақ өздігінен жұмысқа орналаса алмай жүрген барлық азаматтар қатыса алады. Тек міндетті түрде жеке кәуілігі болуы шарт.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу