Алимент төлемеген 7,2 мың борышкерге елден шығуға уақытша тыйым салынды

473

Жыл басынан бері алимент төлеу бойынша сот актілерін орындамаған 2861 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Алимент төлемеген 7,2 мың борышкерге елден шығуға уақытша тыйым салынды  Фото: posud.kz

Тағы 7219 борышкерге елден шығуға уақытша тыйым салынды. Бұл туралы Әділет министрі Азамат Есқараев айтты, деп жазады inbusiness.kz. 

Елдегі мемлекеттік және жеке сот орындаушылары жалпы сомасы 20 триллион теңгеге жуық сомаға 7,2 миллион атқарушылық өндіру ісін жүргізіп жатыр, деді министр.

"Бүгінгі таңда шамамен 2 триллион 807 млрд теңге сомаға атқарушылық өндірудің 40 пайызы орындалды. Аяқталған атқарушылық өндірудің 1,5 миллионы немесе 52 пайызы орындалды. Бұл соманың қомақты бөлігін алимент өндіруге арналған құжаттар құрайды. Бұл дегеніміз республика бойынша 303 мыңнан астам немесе 4% өндірістер деген сөз. Орындалып жатқан өндірулердің үлесінен 13 316 құжат проблемалық өндірулер болса, 6072 құжат бойынша қарызы мүлде өтелмеген (7 млрд теңге)", - деп атап өтті ол Орталық комманикациялар қызметінде өткен брифингте.

Биылғы 6 айда алимент төлеу бойынша сот актілерін орындамаған 2861 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Тағы 7219 борышкерге елден шығуға уақытша тыйым салынды.

Азамат Есқараевтың  сөзінше, сот орындаушылар алимент өндірудің барлық проблемалық атқарушылық құжаты бойынша мәжбүрлеу шараларын қолданады. 

Борышкердің тұрақты табысы мен мүлкінің болмауына байланысты алимент өндіру қиынға соғатын көрінеді. 

"Мысалы, осы жылдың 8 айында республика бойынша 2101 борышкер жұмысқа орналастырылды", - деп қорытындылады Әділет министрі Азамат Есқараев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу