Алимент төлемеген әке жауапқа тартылды

980

Павлодар облысында 1,5 млн теңге алимент төлемеген әке сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алимент төлемеген әке жауапқа тартылды

2019 жылдан бастап Тереңкөл ауданының тұрғыны баласына алимент төлемеген.

"Ер адам берешекті өтеуге және алиментті ай сайын төлеуге міндетті болмағанымен талапты орындамаған. Сот орындаушыларының ескертуін елемеген, жұмысқа орналаспаған", - деп жазылған хабарламада.

Ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 14 585 теңге айыппұл төледі.

"Бірақ осыған қарамастан әке кәмелетке толмаған қызына алимент төлемеген. Биыл оның жалпы қарызы 1,5 млн теңгеге жеткен. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Сот үкімімен ер адам 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылып, 1 жылға бас бостандығы шектелді", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу