Алимент төлемеген Ақтау тұрғыны бас бостандығынан айырылды

180

Ақтау қаласының прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлемегені үшін ҚР ҚК 139-бабы бойынша 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салады.

Алимент төлемеген Ақтау тұрғыны бас бостандығынан айырылды Фото: canva.com

Ақтау қаласының прокуратурасымен алимент бойынша  берешегі 3 млн теңгеден асатын "А" есімді азаматқа Қылмыстық кодексінің 139-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің нәтижесінде қылмыстық іс Маңғыстау облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

05.07.2024 жылғы соттың үкімімен "А" есімді азаматқа 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу