Алимент төлемегендер ел аумағынан шыға алмайды

491

Борышкерлердің ең көбі - Астана мен Алматыда.  

Алимент төлемегендер ел аумағынан шыға алмайды Фото: smartik.ru

Алимент төлемей жүрген 16 мың борышкердің Қазақстаннан шығуына тыйым салынды, деп жазады inbusiness.kz qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Тағы 2 мыңнан астам адам іздеуде жүр. Олардың өз балаларының алдындағы қарызы – 14 млрд теңгеге жеткен. Сот орындаушыларының өндірісінде 305 мыңдай құжат жатыр. Төлем көлемін азайту үшін нақты табысын әдейі төмендететін жағдайлар да көп. Былтыр жүзден аса қазақстандық қылмыстық жауапкершілікке тартылған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу