Алимент төлемегендердің дүние-мүлкі тәркіленеді

1060

Алимент төлемегендердің дүние-мүлкі тәркіленеді

Тұрмыстық жағдайда толық емес отбасының балалары, әлеуметтік тұрғыдан қарағанда олардың жағдайы көбіне төмен деңгейде. Себебі алимент төлеуден жалтарып жүрген әкелер көп, деп хабарлайды Жамбыл облысының прокуратурасының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта облыстағы сот орындаушылардың орындауында алимент өндіру бойынша 12 337 атқару өндірістері бар, олардың қарыз соммасы 880 млн теңгеден асады. Облыс прокуроры Ернат Сыбанқұловтың айтуы бойынша бұл өте күрделі мәселе болып тұр. Сондықтан, Жамбыл облысының прокуратурасы бұл салада қадағалауды күшейтіп, борышкерлерге қатысты қатаң шаралардың қабылдануына басты назар аударуда.

 Өткен жылдан бері алимент бойынша борышкерлердің 91-і әкімшілік жауапкершілікке тартылған болса, оның 55-і қамаққа алынып, 36-ы айыппұл төлеген, 7 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 175-і көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған.

Облыс прокуроры атап өткендей, борышкерлердің көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру тиімді тәсіл болып табылады, себебі олар бұл тұрғыда көлік жүргізу куәліктері үшін өзінің кәмелетке толмаған балаларына қысқа мерзім ішінде қаражат тауып, қарызды толық көлемде өтеуге барынша тырысады.

"Әрине, өздерінің тұрмыс жағдайлары төмен болып табылатын адал борышкерлер де бар. Оларға қатысты облыс прокуратурасы тұрмыс жағдайларын және жұмыссыздықтарын ескеріп, жұмыспен қамту орталықтары арқылы 195 борышкерлерді жұмыспен қамтып, кәмелетке толмаған балалары үшін алименттің өндірілуіне ықпал жасады. Әлі де 873 борышкерлер жұмысқа орналасу кезегін күтуде", - деп айтты облыс прокуроры.

Атап айту керек, қазіргі уақытта борышкерлердің дүние-мүліктеріне жедел түрде тыйым салынуда, яғни қарызды дер кезінде төлеуге шара қарастырмаса немесе белгіленген қаражатты таппаса, олардың иелігіндегі үй, пәтер, автокөліктері де тәркіленеді. Сонымен қатар, борышкерлерге шетелге шығуға тыйым салынып,  халыққа қызмет көрсету орталықтарында мекен-жайы туралы, дүние-мүлкі туралы ақпаратты алу құқығынан айырырлады.

"Біз адал борышкерлерге көмектесуге дайынбыз, бастысы олардың талпынысы мен кәмелетке толмаған балаларына деген ата-аналық сезімі, ал алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлерге қатысты қатаң шара қолданылады. Біздің басты мақсатымыз жасы кәмелетке толмаған жасөспірімдерге тиесілі қаражатпен қамтамасыз ету" – дейді облыс прокуроры Сыбанқұлов Ернат Мұхаметқалиұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу