Алимент төлемегені үшін әкімшілік қамауға алынды

218

Прокурорлар кәмелетке толмаған баланың әкесі тұрақты табысы болуына қарамастан ұзақ уақыт бойы алимент төлеуден жалтарғанын анықтады. 

Алимент төлемегені үшін әкімшілік қамауға алынды Фото: gov.kz

Шахтинск қаласы прокурорының қаулысының негізінде сот қаскөй борышкерді алимент төлемегені үшін әкімшілік қамауға алды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қазіргі уақытта оның қарызы 5 миллион теңгеден асады. Сот орындаушысы борышкерді хабардар ету, шоттары мен мүлкіне тыйым салу, сондай-ақ өз міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапкершілікті түсіндіру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдаған.

Сот актісі орындалды, борышкер қамауға алудың белгіленген мерзімін өтеп жатыр. Борышкерлерді жауапкершілікке тарту жұмыстары жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу