Алимент төлемей жүрген 908 адамның үстінен қылмыстық іс қоғалмақ

797

Жалпы елімізде борышкерлер қатары азайып келеді.  

Алимент төлемей жүрген 908 адамның үстінен қылмыстық іс қоғалмақ

Орталық коммуникациялар  қызметінде өткен брифингте Әділет министрі Марат Бекетаев еліміздегі алимент бойынша қарызы бар азаматтардың статистикасына тоқталды.

"Алимент төлемейтіндер саны азайды. Мәселен, 2020 жылдың бірініш жартысында сот орындаушылары алимент төлемеу бойынша 210 мың істі қараса, өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 192 мың болатын. Сот орындаушыларының қараған істері көбейгенімен алимент төлеу көрсеткіші жоғарылыған. Биыл 3 ай және одан да көп уақыт алимент төлемегендерге қатысты 13 мың 269 іс қозғалған. 2019 жылдың осы кезеңінде 14 тың 744 іс болатын. Бұған Әділет министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың қабылдаған шараларының нәтижесінде қолжеткіздік", – деді министр.

Марат Бекетаевтың сөзінше, осы бағытта әкімдіктер көп жұмыс атқарған. Олар жұмыссыз қалған алимент төлеушілерді еңбекпен қамтыған. Осылайша 2020 жылдың бірінші жартысында 2 мыңнан аса борышкер жұмысқа орналастырылды.

"Жалпы алимент төлеушілердің 93,7%-ы барлығын уақытылы өтейді. Ал 6,3%-ы ол күрделі істер. Ондай жағдайда жұмысқа орналастыру немесе шоттарын бұғаттау, шетел асуға мүмкіндік бермеу сынды шаралар қабылданады. Осылайша 2020 жылдың қаңтар-маусым аралығында алимент төлемей жүрген 908 адамға қатысты метериалдар жиналып, қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін істері ішкі істер органдарына берілді", – деді министр.

Құралай Құдайберген

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу