Алимент төлемейтіндердің арасында әйелдер де бар

333

Олардың перзенттері алдында берешегі 496 млн теңге болған.  

Алимент төлемейтіндердің арасында әйелдер де бар Фото: canva.com

Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Алименттердің жалпы санында берешектің 96,6%-ын ер адамдар төлейді. Әйелдердің үлесі – 3,6%. Борышты өндіріп алу туралы атқарушылық істерде борышкер әйел болып есептелетін жайттар еліміздің барлық өңірінде кездеседі. Қарыз сомасының жалпы мөлшерінде 496 млн теңге әйелдерге, 14,1 млрд теңге ер адамдарға тиесілі", - деді Талғат Уәли.

Спикердің мәліметінше, сот орындаушыларының күшімен 6 млрд теңгеден астам сомаға балалардың мүдделері қорғалған. 

Қазір 12 мың өндіріс бойынша берешек 14,6 млрд теңгені құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу