Алимент төлеу қоры құрылды

795

1 млн теңге көлемінде бір реттік төлем жасалады деп жоспарлануда.  

Алимент төлеу қоры құрылды

Бұл туралы Орталық коммуникациялар  қызметінде өткен брифингте ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев мәлім етті.

"Республикалық жеке сот орындаушылары палатасы базасында әлеуметтік қор құрылды. Қазір оған қаржы жиналуда. Ақшаны бөлмес бұрын оны жинап алу керек. Ол қаражат қалай жұмсалады? Бірдан айту керек барлық мұқтаждарға оны бөліп беру мүмкін емес, өйткені оған қаржы жетпейді. Арнайы комиссия құрылды. Оны бұрынғы сенатор Серік Ақылбай бастаған беделді адамдар тобы басқарады. Комиссия мүшелерінің тізімімен палата сайтынан танысуға болады. Олар көмектің кімге берілетінін шешеді", – деген министр төлем сомасына тоқталды.

"Бір реттік төлем сомасы бойынша шектеулер енгізіледі. Ол 1 млн теңгеден аспайда деп жоспарлануда. Бірақ төлемнің нақты сомасы қаржы жиналған соң белгілі болады", – деді министр.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу