Алимент төлемейтін әйелдер қатары артып барады. Астанада өткен жылы 37 әйел баласына ақша аударудан бас тартса, биыл олардың саны 50-ге жеткен. Құлаққа түрпідей тиетін ақпаратты Астана қалалық әділет департаментінің мамандары таратып отыр. Қазір қалада прокуратурамен бірлескен "Алиментке 30 қадам" атты пилоттық жобасы қолға алған. Шараның мақсаты - баласын бағудан безгендерді заң алдында жауапқа тарту. Тіпті мамандар борышкерлердің автокөліктерін тәркілеуге дейін барып жатыр. Айып тұрағына күніне кемі 3-4 көлік әкелініп жатыр екен. Жалпы Астанада 13 мың борышкер болса, 4 мыңын алимент төлеуден жалтарғандар құрайды. Соның 5% аналар. Қазір баласына берешегі әйелдердің қарызы - 1 миллиард 687 миллион теңгеге жуықтапты.