Алимент төлеуден қашқан әке көлігінен айырылды

615

Оның Toyota Camry 55 маркалы көлігі қазір айыппұл тұрағында.

Алимент төлеуден қашқан әке көлігінен айырылды

Нұр-Сұлтан қаласының сот орындаушылары алимент, салық, айыппұл төлемей жүргендер мәселесімен айналысып жүр. Олар жол полициясы қызметкерлерімен бірлесе төлем жүргізуден жалтарғандарды іздестіріп жатыр.

Мәселен, заңды бұзған М. есімді азаматты тауып, қолға түсірген. Ол 2016 жылы туған баласына алимент төлемей, қарызы 3 014 961 теңгеге жеткен.

"Жеке сот орындаушысы борышкерді тауып алды. Кейін ол жол полициясы қызметкерлерімен бірлесе оның көлігі мен кілтін алып қойды. 2014 жылы шығарылған Toyota Camry 55 маркалы көлігі қазір айыппұл тұрағында. Енді мамандар оны бағалап, аукционға сатылымға қояды. Осылайша борышкер алдымен өзінің баласы алдындағы қарызынан құтылады", – дейді Нұр-Сұлтан қаласының Жеке сот орындаушылары өңірлік палатасы жетекшісінің орынбасары Мадина Жанасаева.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу