Алимент төлеуден қашқан әкелерге жаза күшейтіледі

1396

Алимент төлеуден қашқан әкелерге жаза күшейтіледі

Қызылордалық сот орындаушылар борышкерлермен күресті күшейтіп отыр. Сан сылтау айтып, баласына алимент төлемей жүргендерден мәжбүрлі түрде өндіріп алу мақсатындағы рейд жиіледі, деп хабарлайды 24.kz.

Кезекті іздестіру шарасында заң қызметкерлері тиісті төлемнен бас тартқан қала тұрғынының үйіне барып, теледидар мен су тазартқыш құрылғысын тәркіледі. Тұрақты мекенжайын жасырып, қашып-пысып жүрген азаматтарды табуға көші-қон полиция қызметкерлері де атсалысып жатыр.

Қазіргі таңда әділет органдары мамандарының өндірісінде 5 мыңға жуық іс қаралу үстінде. Басты мақсат – борышкердің дүние-мүлкін тартып алу емес, тірі жетім қалған шарасыз балалардың заңды құқықтарын қорғау. Егер бала алдындағы берешек 3 айдан асса, әкімшілік шара қолданады. Заң талаптарына бағынбағандар қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу