Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли алимент өндірісінің дені қай өңірлерде екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Былтыр алимент өндіріп алу туралы 326 328 атқарушылық іс жүргізілген. Оның 16 197-сі күрделі өндірістер болды.
"Олар бойынша берешек сомасы 20,7 млрд теңгені құрады. Жыл басынан бері алимент өндіріп алу туралы 291 392 атқарушылық іс жүргізу атқарылып отыр. Оның 12 345-і – күрделі өндірістер. 7 323 алимент бойынша 3 айдан астам берешек ерікті түрде ішінара өтеледі, ал 4 689 алимент бойынша берешек мүлде өтелмейді. Берешек сомасы – 14,6 млрд теңгеге тең. Алимент өндірісінің басым бөлігі Алматы облысына тиесілі – 2 579 (1 млрд 943 млн теңге), Астана қаласында – 1 802 (1 млрд 877 млн теңге), Алматы қаласында – 1 145 (528 млн теңге)", - деді спикер ведомствоның кезекті баспасөз конференциясында.
Ал Түркістан облысында – 806 (2 млрд 185 млн теңге), Шымкент қаласында – 728 (1 млрд 290 млн теңге), Қарағанды облысында – 592 (904 млн теңге)
Ең аз күрделі алимент өндірістері Ұлытау, Ақмола, Атырау облыстарына тиесілі.
Айта кету керек, осыған дейін Шымкентте кір жуғыш ұнтақ шығаратын астыртын цех анықталғанын жазған болатынбыз.