Алиментке берешегі бар азамат 45 миллион теңгесін букмекерге тіккен

223

Екі жарым жыл бойы алимент төлемеген.

Алиментке берешегі бар азамат 45 миллион теңгесін букмекерге тіккен Фото: egemen.kz

85 мың теңге жалақысы бар Маңғыстау облысының тұрғыны 2,5 миллион теңге алименттік қарызы бола тұра букмекерлік кеңсенің жеке шотына 45 миллион теңге салған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.  

Прокурорлық терсеріс барысында 1985-ші жылы туған азаматтың екі жарым жыл бойы алимент төлемегені анықталған. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 139-шы бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу