Алименттен жалтарған 12 тұрғын қылмыстық жауапкершілікке тартылды

1055

Тағы 182 павлодарлық әкімшілік жаза арқалады. 

Алименттен жалтарған 12 тұрғын қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Павлодар облысында 200-ге жуық тұрғын балаларына алимент төлеуден жалтарды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Павлодар облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары алимент төлеуден бас тартқан азаматтардың тұрғылықты мекенжайын анықтап, олардың сот орындаушыларына келуін ғана қамтамасыз ете алады.

Оларға қатысты әр түрлі жазалау шаралары қолданылады. Мәселен, жыл басынан бері алимент төлеуден бас тартқан 20 павлодарлықтың көлігі олар балалар алдындағы қарызын өтеп болғанға дейін айыппұл тұрағына қойылды.

"Осы уақытқа дейін Әкімшілік Кодекстің 669-бабы бойынша 182 адам жауапкершілікке тартылды. Алимент бойынша қарыз болған тағы 12 тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды", – дейді жергілікті полиция қызметінің басқарма бастығы Ғалым Сарғұлов.

Айта кетейік, Қылмыстық Кодекстің 139-бабына сәйкес, алимент төлеуден жалтарғандар 600 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмысқа тартылады немесе бас бостандығынан екі жылға дейін айрылып, шектеледі.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу