Алименттен жалтарғандардың көлігі айып тұрағына қойылды

758

19 автомашина мамандандырылған автотұраққа жеткізілді.

Алименттен жалтарғандардың көлігі айып тұрағына қойылды

Полиция қызметкерлері мүдделі органдармен бірігіп, алимент төлеуден жалтарғандар мәселесін қарау үшін жұмыс кездесуін өткізді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Қазіргі таңда сот орындаушылары, прокуратура және полицейлердің бірлескен жұмысының нәтижесінде 24 көлік құралы анықталды. Оның ішінде құны 11 миллион 800 000 теңге көлемінде болатын 19 автомашина ұсталып, мамандандырылған автотұраққа жеткізілді", – дейді департаментте.

Алимент төлемейтіндердің екеуі жалпы сомасы 1 млн 500 000 мың теңгені құрайтын қарызын сол жерде төлеген. Қалған соманы сот орындаушылары автомашиналарға тыйым салу және сауда-саттыққа қою арқылы өндіріп алатын болады.

Кездесу барысында қатысушылар осы бағыттағы жұмысты одан әрі жандандыру бойынша іс-әрекет алгоритмін әзірледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу