Әлімханұлы әлемдік рейтингте жоғарылады

1029

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (7-0, 3 КО) канадалық Стюарт МакЛелланды (27-4-1, 11 КО) техникалық нокаутпен жеңгеннен кейін BoxRec рейтингінде жоғарылады.

Әлімханұлы әлемдік рейтингте жоғарылады

Американың Лос-Анджелес қаласында өткен жекпе-жек бесінші раундта аяқталып, Әлімханұлы WBO Global және WBC Continental Americas аймақтық титулдарын алғаш рет қорғап қалған болатын, деп хабарлайды Vesti.kz.

Осы жеңістен кейін Әлімханұлы BoxRec-тің орта салмақтағы рейтингінде 64-орыннан 63-ке көтерілді. Ал МакЛеллан жеңілістен кейін бір сатыға төмендеді, енді ол 258-орында.

Орта салмақтағы қазақстандық боксшылардың ішінде Әлімханұлынан тек Геннадий Головкин мен Қанат Ислам жоғары тұр. GGG қазір екінші орында келеді, ал Ислам 32-сатыда.

Айта кетейік, орта салмақтағы рейтингте 1580 боксшы ұсынылған. Бірінші орында WBC (Franchise) және WBA (Super) чемпионы Сауль Альварес, үшінші орында америкалық Дэниэл Джейкобс келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу