Әлімжеттік көріп, комаға түскен сарбаз есін жиып, өзіне келді

676

Қуанышты жаңалықпен баланың әкесі Тимур Жаналин бөлісті. 

Әлімжеттік көріп, комаға түскен сарбаз есін жиып, өзіне келді Фото: видео скриншот

Отарда әлімжеттік көрген 19 жастағы мерзімді сарбаз есін жиып, өзіне келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қуанышты жаңалықпен баланың әкесі Тимур Жаналин бөлісті. Ер адам қолдау көрсеткендердің барлығына алғысын білдірді. Оның айтуынша, Нұржігіт өзін жақсы сезінеді.

“Көптен бері үнсіз қалдық. Себебі ұлымыздың толық емделгенін қаладық. Алда біршама ем-дом мен оңалту күтіп тұр” – деді әкесі. 

Айта кетейік, 9 маусымда сарбаз таңғы 9-дарда ауруханаға түскен. Ал 11:00 шамасында жүрегі тоқтап, клиникалық өлім тіркелген. Ауруханаға түскен кезде Нұржігіт дәрігерге “мені кіші сержант ұрды” деп айтып үлгерген екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу