Әлімжеттік көрсеткен жасөспірімдер бас бостандығынан айырылуы мүмкін

4241

Сыныптасын аяусыз соққыға жыққандар туралы жаңа видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп жатыр. Онда бір топ бала өз құрдастарын тепкінің астына алған. Қазір олардың барлығы ұсталған. 

Әлімжеттік көрсеткен жасөспірімдер бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Президент биылғы жылды "Жастар жылы" деп бекітіп жатқанда, желіде бір-бірін сабап жатқан жастардың  бейнежазбасы қаптап барады. Күні кеше ғана Түркістанда өздерінен төменгі сыныпта оқитын оқушыларды оңдырмай сабағандар ұсталғанда, сыныптасын аяусыз соққыға жыққан жаңа видео желіде қызу талқыға түсіп жатыр. Онда бір топ бала өздерінің құрдастарына дәретхана ішінде жұдырық жұмсап, тепкінің астына алған. Қазір олардың барлығы ұсталған. 

Оқиға осыдан бір жыл бұрын, нақтырақ айтқанда 2018  жылдың 10 қаңтарында Қызылорда қаласында түсіріліпті. Алайда жәбірленуші тарап ол кезде ішкі істер органдарына ешқандай шағым білдірмеген дейді жауаптылар.

Дегенмен уәкілетті минстрліктің ресми өкілі Алмас Садубаев әлімжеттік жасағандар Қылмыстық Кодекстің 293 бабы 2-бөлімі бойынша айыпталуда дейді. Аталған бап  5 жылға бас бостандығынан айыру немесе осы уақытқа бостандығын шектеу жазасын қарастырады. Сондай ақ 5000 АЕК көлемінде айыппұл да бар.  Дәл осы бап Түркістандағы оқиға бойынша да бектіліп отыр.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу