Енді әлімжеттіктің алдын алу үшін әскерде дәретхана маңына камералар қойылады

249

Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдердегі камерасы жоқ қауіпті болуы мүмкін аймақтарды зерттеп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Енді әлімжеттіктің алдын алу үшін әскерде дәретхана маңына камералар қойылады Фото: gov.kz

"Тиісті бұйрыққа өзгертулер енгізіледі. Содан кейін құжат әскерлерге өз қызметін осы стандарттарға сәйкес келтіру үшін шығарады. Біз бейнекамералар мен техникалық қауіпсіздік құралдарын сатып алуды децентрлендірдік. Енді әскери бөлім жоғары тұрған органға қарамай, өз бетінше инфрақұрылымды сатып алып, жаңарта алады", – деді Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахдиев.

Ол әлімжеттік оқиғасы жиі болатын дәретханаға баратын жолдарда камералар орнатылатынын айтады.

"Кабинаға ешкім камера орнатпайды. Бірақ оған баратын жолда камералар болады деп жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, видеоны зерттеу үшін жасанды интеллект енгіземіз. Адамдар көп болған кезде дәретханаға бір уақытта екі-үш адам кіреді. Олар ұзақ уақыт шықпай қалған кезде жүйе кезекшіге де, жоғарыдағы органдарға да сигнал береді. Сонымен қатар, бұл жүйе әскери полиция өкілдері үшін әзірленіп жатыр", – деді министрліктің өкілі.

Сондай-ақ, журналистер вице-министрден Қорғаныс министрлігі сарбаздарды әлімжеттіктен қашан толық қорғай алатынын сұрады.

"Біз бұл мәселе бойынша күн сайын жұмыс істейміз", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу