Алина Әділханова халықаралық турнирде екінші орын алды

823

Алина Әділханова халықаралық турнирде екінші орын алды

Қазақстандық спортшы Алина Әділханова Ригада өткен көркем гимнастикадан "Baltic Hoop 2018" халықаралық турнирінде екінші орын алды, деп хабарлайды olympic.kz.

Отандасымыз лентамен сайыста екінші нәтиже көрсетті. Жеңіс болгариялық Катрин Тасеваға бұйырса, оның отандасы Юлия Евчик қола жүлдені қанағат тұтты.

"Бұл біздің биыл халықаралық жарыстардағы алғашқы жүлдеміз. Жарысқа мықты спортшылар қатысты. Алина Әділханова - енді-енді өнер көрсетіп бастаған жас гимнасшымыз", - деді көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алия Юсупова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу