Биыл "Alina Holding" ЖШС Жамбыл облысында құрылыс қоспаларының өндірістік кешенін іске қосады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Құрғақ құрылыс қоспаралары, ұнтақ қоспалар және гипс өндіру кешенінің құрылысы 3 млрд 900 млн теңгеге бағаланып отыр (үстіміздегі 315,16/$1).
Кешеннің қуаттылығы жылына 140 мың тонна өнім шығарады.
Жоба аясында 105 жұмыс орнын ашылады.
"Alina Holding" ЖШС – минералды шикізат өндіру және өңдеумен айналысатын қазақстандық компания. Ол өнеркәсіптік гипс, кальцит, мәрмәр ұнтағын шығарады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу