2020 жылғы оқу жылында Әліппе қайтадан енгізіледі. Әліппе қайта оралады деп қуантқан министр балаларға білімді өзі іздеуге үйретуіміз қажет деді.
Одан бөлек педагогтарды қайта даярлау қолға алынбақ. Соның аясында 144 мыңнан аса мұғалім курстардан өтеді.
Сондай-ақ мектептерде химия, биология пәндерін жоғары сыныптарға ағылшын тілінде оқыту кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Оған қоса министр алдағы 2 жылда елімізде 190 мектеп салынатынын жеткізді. Бұл бірінші кезекте апатты жағдайдағы білім ошақтары мен үш ауысым мәселесін шешпек.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу