Мектеп бағдарламасынан алынып тасталған әліппе 2021 жылы қайта енгізіледі. Бұл жайлы Тамыз конференциясы барысында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды altaynews.kz.
"Әліппе мәселесін ұстаздарымыз да, ата-аналармыз да көтеріп жүр. Бұл мәселе өте маңызды. Біз әліппені қайтару керек деп есептейміз. Ол 2021 жылы өздеріңізге жақсы таныс қазақ тіліне бейімделген Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде енгізіледі. Біз қазір осыған байланысты жұмыс жүргізіп жатырмыз", – деді ведомство басшысы.
Министрдің айтуынша, әліппенің бірнеше нұсқасы қарастырылып, Байтұрсыновтың әдістемесіне тоқталған екен.