Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, білім күні 1- сынып оқушыларына оқулықтары салтанатты түрде табысталады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Әліппе Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі бойынша жасалған, яғни қарапайым деңгейден күрделі деңгей өту. Алдымен дыбыстар, әріптер, содан кейін буындар мен сөздер зерделенеді. Әліппе оқулығының көмегімен бірінші сынып оқушылары шағын мәтіндерді оқып, түсініп, қарапайым сөз, сөйлемдер жазуды үйренеді", – деді министр.
Оның сөзінше, оқулықтардың мазмұны технологиялық әзірлемелермен толықтырылған: смартфон камерасын арнайы QR-кодқа апарған кезде "суреттерді сөйлетуге" болады. Оқушылар еліміздің әнұранын, әндерін, өлеңдері мен ертегілерін тыңдай алады. Бұл баланың бойында ақпаратты визуалдық және тыңдау арқылы қабылдау дағдыларын дамытады.Әліппе мен Букварь оқулықтары мазмұны жағынан бірдей және бірінші сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып жасалған", – деді Асхат Аймағамбетов.
Қанат Махамбет