Әлішер Әбдіқадыров Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

1481

Бұған дейін ол Ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарған.

Әлішер Әбдіқадыров Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Әлішер Әбдіқадыров Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің келісімі бойынша 2022 жылғы 26 ақпанда Әбдіқадыров Әлішер Елісұлы Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды", – деп жазылған хабарламада.
 
Әлішер Әбдіқадыров 1986 жылы 6 сәуірде Алматыда дүниеге келген. Мәскеу мемлекеттік университетінің түлегі. Ломоносов, экономика ғылымдарының магистрі. 

"Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған (2017).

Еңбек жолын 2009 жылы Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялық қызмет департаментінің инвестициялық жобалар басқармасының сарапшысы болып бастады.

2010-2014 жылдары – Инвестициялар комитетінің инвестициялық жобалар департаментінің бас сарапшысы, басшысы, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары.

2014-2015 жылдары – Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары.

Одан кейінгі жылдары Павлодар облысы индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы (2015-2016 жж.), Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы (2016-2019 жж.) қызметтерін атқарған.

2019 жылы "QazIndustry Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ басқарма төрағасы болды.

2020-2021 жылдар аралығында Қарағанды ​​облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2021-2022 жылдары Ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу