Еркін күрес шебері Әлішер Ерғали Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатында вице-чемпион атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz Olympic.kz.-ке сілтеме жасап. 97 келі салмақ дәрежесінде ол финалда ирандық Али Халил Шабанибенгармен кездесті. Екеуара кездесу 12:2 есебімен қарсыластың еншісіне шешілді.
Аталған салмақ дәрежесінде жапониялық Такаши Ишигуро мен үндістандық Сатуарт Кадиан қола жүлдені өзара бөлісті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу