Әлішер Жұмақан - тректегі велоспорт бойынша гран-при жарысының қола жүлдегері

938

Ресей астанасы Мәскеуде тректегі велоспорт бойынша Гран-при жарысы өтіп жатыр. 

Әлішер Жұмақан - тректегі велоспорт бойынша гран-при жарысының қола жүлдегері

Қазақстандық велошабандоз Әлішер Жұмақан "Гран-при Мәскеу" жарысының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Жарыстың алғашқы күнінде "скретч" бойынша үздіктер анықталды. Жарыс нәтижесі бойынша қазақстандық Әлішер Жұмақан қола жүлдеге ие болды. Ресейлік Илья Щегольков екінші орыннан көрінсе,  оның командаласы Иван Новолодский жарыс жеңімпазы атанды.

Айта кетерлігі, аталған жүлде Әлішер үшін екі жылдық үзілістен кейінгі алғашқы олжа болып отыр. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу