Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп жазады inbusiness.kz.
Биыл Алмалы ауданында 77 аула ретке келтіріледі. Қоғамдық кеңістікті жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр.
"Мамыр айында Күләш Байсейітова атындағы жаяу жүргіншілер көшесінде өткен жылы басталған жөндеу жұмыстары аяқталады. Бірінші жартыжылдықта Әлия мен Мәншүк скверін реконструкциялау жұмыстары және тағы 6 сквер мен Дүйсенов көшесіндегі жаяу жүргіншілер көшесін жаңғырту мен көгалдандыру жұмыстары басталады", – деді қала әкімі Ерболат Досаев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу