Әлия Молдабекова: Ұлттық Банк халықтың шетел валютасын сатып алуын орынсыз деп санайды

1402

Әлия Молдабекова: Ұлттық Банк халықтың шетел валютасын сатып алуын орынсыз деп санайды

Алматыда Ұлттық Банк өкілдері еліміздің валюта нарығындағы ахуалға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды 24.kz.

Олардың айтуынша, теңгенің айырбастау бағамына мұнай бағасынан басқа әсер ететін бірнеше фактор бар. Олар: басты сауда әріптес мемлекеттердегі валюта бағамы, төлем балансы, инфляция деңгейі мен әлемдік пайыздық мөлшерлемелер. Теңге бағамының қазіргі құбылуы АҚШ-тың Ресей Федерациясына қатысты қосымша санкцияларының теріс ықпалын күтумен, жағдайдың одан әрі қалай өрбитінін білмегендіктен және Ресей рублі құнының өзгеруімен байланысты.

"Бұған қоса бұқаралық ақпарат құралдарындағы белгілі бір алыпсатарлық түсініктемелер АҚШ долларына жаппай сұранысты арттырып отыр", – дейді банк мамандары.

"Бағамның ағымдағы серпіні көбіне алыпсатарлық факторлармен байланысты екенін ескере отырып, Ұлттық Банк халықтың шетел валютасын сатып алуын орынсыз деп санайды", - деді ҚР Ұлттық Банкінің департамент директоры Әлия Молдабекова. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу