Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай сатылып жатыр

905

Былтыр 300 млн теңге табыс түсірген әуежайды 7,3 млрд теңгеге сатып алуға болады.  Мәжілісмен Андрей Линник бұл тым арзан баға екенін мәлімдеп, тексеріс жүргізуді ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай сатылып жатыр

Оның сөзінше, халықаралық әуежай аумағында терминал, әкімшілік ғимарат, коммерциялық аумақ және қойма бар. Инфрақұрылым халықаралық стандартқа сай. 

"Осыған қарамастан Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайдың құны 7,3 млрд теңге деп бағаланып отыр. Бұл – күмән туғызатын баға", – деді депутат. 

Айта кетейік, халықаралық әуежай облыстық қаржы басқармасының меншігінде. Оны сату туралы шешімге үкіметтің қаулысы негіз болды. 

Ақтөбе облыстық қаржы басқармасының басшысы Нұрлыбек Өнербаевтың айтуынша, стратегиялық маңызы бар нысанның құнын бағалау компаниясы белгілеген. 

"Әуежайдың құнын лицензиясы бар 2 компания анықтады. Екеуінің бағалау құны бірдей болды. Қазіргі бағалау құны 7,3 млрд теңге. Барлық шара заңға сәйкес атқарылды, – деді басқарма басшысы. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу