Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған логотип бекітілді

283

Ақтөбеден шығатын барлық өнімде осы логотип бейнеленбек.

Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған логотип бекітілді Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Биыл Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл. Атаулы датаға орай мерейтойлық логотип бекітілді. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімдігі хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Логотипте Әлия Молдағұлованың бейнесі, қазақтың ұлттық оюы мен "100 жыл" деген белгі ерекше үйлесім тапқан.

Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының хабарлауынша, логотип – батыр рухына деген тағзымның символы, оның есімін ұрпақ жадында мәңгі қалдырудың көрінісі болады. 

"Мерейтой аясында Ақтөбеден шығатын барлық өнімдерде осы логотип бейнеленеді. Бұл бастама Әлия Молдағұлова атындағы туған өлкенің ғана емес, барша қазақ елінің батыр қызға деген құрметін көрсетпек. 100 жылдықты атап өту жоспарына сәйкес облыстық деңгейде 100-ден аса іс-шара өтеді. Мерейтой республикалық салтанатты шаралар тізіміне енгізілді. 100 жылдық қарсаңында Әлия ауылдық клубы, "Әлия" патриоттық тәрбие беру орталығы, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың атындағы мемориалдық музейіне жөндеу жұмыстары жүргізілді", - делінген облыстық әкімдік таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу