Әлия Назарбаев экологиялық қауымдастық төралқасының төрағасы қызметінен өз еркімен кетті.
"Ол өз еркімен өкілеттігін тоқтатты. Биыл 4 ақпаннан бастап Әлия Назарбаева Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы төралқасының төрағасы қызметін атқармайды", – деді Илья Сухоносенко.
Сондай-ақ ол қауымдастықта енді төралқа төрағасы қызметі болмайтынын атап өтті.
"Біз бұл қызметті қысқарттық. Енді бұл орын болмайды", – деді атқарушы директоры.
Айта кетейік, Әлия Назарбаева – Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы.
Дәурен Ерболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу