Алкоголь өнімдерін таңбалау пилот жобасы тоқтатылды

906

Қазақстанда алкоголь өнімдерін таңбалау пилот жобасын тоқтату туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды inbusiness.kz Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Алкоголь өнімдерін таңбалау пилот жобасы тоқтатылды

Биыл 16 қыркүйекте Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен елде тауарларды таңбалау және қадағалау мәселелері бойынша кеңес өтті. Отырыста сүт, темекі және алкоголь өнімдерін таңбалау және қадағалау бойынша пилот жобасын іске асыру мәселелері қаралды. 

Кеңес барысында Әлихан Смайылов тауарларды таңбалау жүйесі бөлшек сауда сатушылары мен шағын бизнеске салмақ түсіретінін атап өтті.

"Кеңестің қорытындысы бойынша Қаржы министрлігіне темекі өнімдерін таңбалауды өндірушілер, импорттаушылар және көтерме саудада өткізушілер үшін ғана жалғастыру тапсырылды. Мұнда бөлшек сауда сатушыларына тауарларды 2D сканерлерді сатып алмай және қолданбай таңбалау жөніндегі бірыңғай оператордың ақпарат жүйесінде алғанын растау жеткілікті. Осылайша шағын бизнеске қосымша қаржылық және әкімшілік жүктеме түспейді", –  деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ отырыста алкоголь өнімдерін таңбалау және қадағалау бойынша пилот жобаны тоқтату туралы шешім қабылданды. 

Жиында "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы аталған шешімдерді толық қолдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу